Skip to main content
Тақырыптар

Алаяқтық

Біздің алаяқтыққа қатысты позициямыз

Пайдаланушылардың қауіпсіздігі және контенттің түпнұсқалығы TikTok-тың басты құндылықтары болып табылады. Біздің Қауымдастық Ережелерімізде жеке пайдасы үшін пайдаланушылардың сенімін иеленуге бағытталған кез келген контенттің жойылатыны анық айтылған. Бұл алаяқтықпен байланысты контентке де қатысты. Ережелерді қайта-қайта бұзған пайдаланушыларды аккаунттары бұғатталуы мүмкін.

Біз алаяқтар келтіруі мүмкін зиян масштабын түсінеміз және сол себепті киберқылмыстармен күресу және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында бірнеше бастамаларды іске қостық. Олардың қатарында Алаяқтық туралы халықаралық хабардарлық аптасы және #BeCyberSmart науқаны бар.

Алаяқтық дегеніміз не?

Алаяқтық — бұл интернетте орын алуы мүмкін айлакерлік әрекеттер. Әдетте алаяқтық қаржылық пайда алу мақсатында жасалады, бірақ кейбір скамерлер адамның жеке деректерін алып алуға ұмтылуы мүмкін. Жеке деректерге жеке куәлік нөмірлері, аккаунтқа кіру мәліметтері, мекенжайлар, туған күні, электрондық пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері және бір реттік құпиясөздер сияқты деректер кіреді.

Интернеттегі алаяқтықтың ең көп таралған түрлері

Интернеттегі алаяқтықтың мына түрлері туралы білген жөн:

Жұмыс орнына қатысты алаяқтықЖұмыс берушінің өзі ұсынған, абыройлы, жалақысы жоғары және қандай да бір ерекше жұмыс дағдыларын қажет етпейтін жұмыс ұсыныстары. Мұндай алаяқтық кезінде көбінесе «тіркелу үшін төлем» жасау ұсынылады, бірақ ол қайтарылмайды, сондай-ақ кейінгі алаяқтықтарда пайдалану үшін жеке деректер сұралуы мүмкін.
ФишингПайдаланушыларды жеке деректерін өз еркімен байқамай беріп қоюға мәжбүрлейтін алаяқтық түрі. Әдетте мұндай алаяқтық шынайы компанияныкі сияқты боп көрінетін жасанды веб-сайттар, электрондық хаттар немесе мәтіндік хабарлар арқылы жасалады.
Несиеге қатысты алаяқтықСкамерлер өздерін лицензиялы кредиттік ұйым ретінде таныстырып, несие беру үшін құрбанын «депозитке» ақша салуға көндіреді. Депозитке ақша аударылған соң, алаяқтар іс-түссіз жоғалады. Сондай-ақ олар жеке ақпаратты сұрап алып, оны қосымша ақша алу мақсатында бопсалау үшін пайдалануы мүмкін.
«Ақша курьері»Скамерлер өздерінің банк шотына қатынасу мүмкіндігін бере отырып, ақша қаражаттарын аударуға делдал ретінде қатысуды ұсынады және осы қызмет үшін белгілі бір комиссияны ұсынады. Осылайша пайдаланушылар өздері білместен ақшаның ізін жасыру бойынша заңсыз схемалардың қатысушысына айналуы мүмкін.
Мобильді ойындардағы алаяқтықСкамерлер ойын ішіндегі заттарды тегін немесе жеңілдікпен сатып алуды ұсынады. Әдетте ол үшін веб-сайтқа кіру немесе сілтемені басу туралы нұсқау беріледі. Бұл нұсқауды орындаған жағдайда пайдаланушылар аккаунтқа қатынасу мүмкіндігін, ойын валютасын немесе нақты ақшасын жоғалтады.
Шынайы емес табысқа қатысты алаяқтық«Тегін ақша»: пайдаланушыларға нақты ақша, жалған банкноталар, цифрлық валюта, ойын ішіндегі валюта, криптовалюта және тағы басқаларын ұсынады да, есесіне «әкімшілік алымды» талап етеді немесе жеке ақпаратты ұрлап алады.

Тегін тауарлар мен қызметтер: пайдаланушыларға тегін тауарларды және/немесе қызметтерді, соның ішінде сыйлық карталары, телефондар, видеотрансляция қызметтері, жұмыс ұсыныстары, алаяқтық схемалары, жалған құжаттар, интернеттегі ұрланған немесе жасанды аккаунттар, ұрланған немесе жалған қаржылық ақпарат, жеңілдіктер және тағы басқаларын ұсынады да, есесіне «әкімшілік алымды» талап етуге немесе жеке ақпаратты ұрлап алуға талпыныс жасайды.
«Романтикалық»алаяқтықҚұрбанға ғашық болғансып, оның сеніміне кіріп алады да, оның банк шоттарына, кредиттік карталарына, төлқұжаттарына, электрондық пошта аккаунтарына немесе жеке куәлік нөмірлеріне қатынасу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ мұндай алаяқтар құрбанын олардың атынан алаяқтық жасауға мәжбүрлеуі мүмкін.
TikTok-та қауіпсіздік бойынша кеңестерді табу үшін осы жерді басыңыз. #BeCyberSmart хэштегі романтикалық сипаттағы алаяқтыққа жол бермеуге көмектеседі.
ЛотереяларАлаяқтар құрбанын ұтыс ойынында жүлде немесе лотерея ұтып алды деп алдайды. «Сыйлықты» әкімшілік алымдарды, салықтарды немесе шетелдік банк шотына басқа да төлемдерді төлегеннен кейін алуға болады.
Қайырымдылыққа қатысты алаяқтықМұндай алаяқтық схемалары әдетте қиын кезеңдерде пайда болады. Алаяқтар хабар немесе қайырымдылық қаражаттарына қабылдауға немесе жеке ақпаратты ұрлауға арналған веб-сайттар арқылы тікелей банк шоттарына қайырымдылық қаражатын аударуды сұрайды.
Понци схемалары немесе пирамидаларПонци схемасы — алаяқтар төмен тәуекелмен жоғары табысқа уәде беретін инвестициялар. Шындығында бірінші болып ақша салған инвесторлар кейінгі келген инвесторлар ақшасының есебінен табыс табады.
Пирамида — желілік маркетингтің иерархиялық қағидаларына негізделген қаржылық алаяқтық схемасы.
Келісілген ұтыс тігуАлаяқтар келісілген матчтар (олар заңсыз болып табылады) туралы инсайдерлік ақпарат бар екенін мәлімдеп, бұл мәліметтерді ұтыс тігу үшін сатып алуды ұсынады. Әдетте мұндай кеңестерді пайдаланған адамдар ұтысын жоғалтады.

Аккаунтты қалай қорғауға болады

Біз ешқашан жеке хабарлар немесе электрондық пошта арқылы құпиясөз сұрамаймыз. Егер өзін TikTok қызметкері ретінде таныстырған адамнан электрондық хат алсаңыз, оны ашпас немесе жауап бермес бұрын, жіберушінің электрондық пошта мекенжайын тексеріңіз: ол @tiktok.com деп аяқталуы керек.

Белгісіз сілтемелерді баспаңыз және танымайтын адамдар жіберген тіркемелерді ашпаңыз, себебі бұл алаяқтар болуы мүмкін. Ақша қаражаттарын аударған кезде, сайттың заңды екеніне көз жеткізу үшін әрдайым URL мекенжайын мұқият тексеріңіз.

Ақпараттың заңдылығына және дұрыстығына сенімді болмасаңыз, оны бастапқы, ресми және тексерілген көздерден тексеріңіз (мысалы, танымайтын адам жіберген күмәнді сілтемені басудың орнына іздеу қызметі арқылы ресми веб-сайтты қараңыз).

Үлкен және кіші әріптерден, сандардан, таңбалардан және сөздерден тұратын күрделі құпиясөздер орнатыңыз. Сізге құпиясөздерді жаттау қиын ба? Сіз үшін мағыналы сөздерді пайдаланып, фраза құрастырыңыз, мысалы: IhadKAYAtoast@8AM!

Жеке ақпаратты, құпиясөздерді және бір реттік құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз. Хакерлер бұл ақпаратты пайдаланып, құпиясөздеріңізді немесе құпия сұрақтарға жауапты біліп қоюы мүмкін. Қауіпсіздікті күшейту үшін 2 сатылы тексеру функциясын қосыңыз.

Егер аккаунтыңызға басқа біреу кірді деп есептесеңіз немесе алаяқтыққа ұқсайтын күдікті контентті кездестірсеңіз, дереу бізге хабарлаңыз. Сондай-ақ құпиясөзіңізді дереу өзгерткеніңіз жөн.

TikTok-тағы құпиялылық және қауіпсіздік туралы қосымша ресурстарды алу үшін осы жерді басыңыз.

TikTok-та алаяқтық туралы хабарлау

Ықтимал алаяқтық туралы шағымдар қылмыстың алдын алып, басқа пайдаланушыларды қорғауға көмектесуі мүмкін. Егер қолданбада күдікті әрекеттерді байқасаңыз, «Алаяқтық және алдау» бөлімінде шағым жіберіңіз. Біз қауымдастығымыз үшін платформаның қауіпсіздігін сақтау үшін дереу шаралар қабылдауға тырысамыз.

Көмек қажет пе?

Егер сізге немесе сіз танитын адамға интернеттегі қауіпсіздік және интернеттегі алаяқтықты анықтау туралы қосымша ақпарат қажет болса, мына ресурстардың көмегі тиюі мүмкін: