Skip to main content
Нұсқаулар

TikTok платформасындағы құпиялылық және қауіпсіздік

TikTok-та біз шығармашылық пен өзін-өзі таныту жеке нәрсе болып табылатынын, сондықтан бұл жерде құпиялылықтың маңызды екенін түсінеміз. Осы орайда біз желідегі белсенділікті басқаруға және TikTok-тағы мүмкіндіктерді дербес таңдауға арналған алуан түрлі басқару құралдарын ұсынамыз. Сондай-ақ біздің қауымдастығымызға қосыла отырып, бізге маңызды ақпаратты сеніп тапсырып жатқаныңызды да білеміз. Біз мұндай ақпаратты қорғауға және қауымдастығымыздағы пайдаланушыларға қолжетімді құпиялылық және қауіпсіздік құралдарымен жұмыс істеуді үйретуге үлкен жауапкершілікпен қараймыз.

Құпиялылық

Қауымдастыққа қажетті әрі пайдалы өнімдер мен қызметтерді көрсету үшін TikTok белгілі бір ақпаратты жинайды. Біздің өнімдеріміз әртүрлі қауымдастықтар үшін әзірленгендіктен, кейбір нарықтарда белгілі бір мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін. Сәйкесінше қандай да бір нарықта жиналатын ақпарат көлемі онда қолжетімді мүмкіндіктерге байланысты болады.

Деректерді қалай жинайтынымыз туралы толығырақ ақпарат алу үшін құпиялылық саясатын оқып шығуды ұсынамыз. Төменде аталған саясат шеңберінде қолданбаның ағымдағы нұсқасында жиналатын кейбір ақпарат түрлері, сондай-ақ мұндай ақпаратты жинау себептері көрсетілген:

  • Аккаунтты тіркеу үшін телефон нөмірі немесе электрондық пошта
  • Пайдаланушының жасын растау және жасына сай контентті көрсету үшін туған күн.
  • TikTok авторлар қорына қатысатындар (салық салу мақсатында) және жүлде ұтып алған авторлар үшін (оларға жүлдені жіберу үшін) физикалық мекенжай.
  • TikTok авторлар қорындағы авторларға төлеу және TikTok әмияны немесе виртуалды сыйлықтар функциясын пайдаланатын аккаунттар үшін төлем деректері.
  • Қатысты контентті ұсыну үшін қолданбадағы лүпілдер, бөлісулер және іздеу тарихы.
  • Платформаға жаңартулар енгізу, мысалы, бетті жүктеу уақытын және жарнаманы басқаруды оңтайландыру үшін TikTok қолданбасына ендірілген браузердегі шолу тарихы. Бұл пайдаланушының телефонындағы басқа қолданбаларға, соның ішінде веб-браузерлерге қатысты емес.
  • Спамды болдырмау және TikTok аккаунттарын зиянды әрекеттерден қорғау сияқты бірқатар қауіпсіздік функцияларын орындау үшін құрылғының идентификациялық сипаттамалары. Сондай-ақ бұл ақпарат жарнама берушілерге жарнамалық науқандардың тиімділігін өлшеп, оңтайландыруға көмектеседі.
  • Сіздің шамамен орналасқан жеріңіз туралы ақпарат, соның ішінде SIM картаңыз және/немесе IP мекенжайыңыз негізіндегі орналасқан жер туралы ақпарат. Егер дәл немесе шамамен орналасқан жеріңіз туралы геолокациялық ақпаратты ала алатын ескі нұсқаны (соңғы рет 2020 жылдың тамыз айында шыққан) пайдаланатын болсаңыз және мұндай ақпаратты жинауға рұқсат берген болсаңыз, біз мұндай ақпаратты жинаймыз.

TikTok-тағы пайдаланушы деректері АҚШ, Малайзия және Сингапурдағы деректер орталықтарында сақталады. Сондай-ақ Ирландияда да деректер орталығын ашу жоспарланған. Пайдаланушы деректері шифрланған күйде сақталады және тасымалданады. Бізде қызметкерлеріміздің деректерге қатынасуына қатаң шектеу жүйесі қолданылады, сондай-ақ арнайы рұқсаты жоқ және жұмысты орындау үшін қатынасу қажеттілігі негізді емес қызметкерлерге пайдаланушы деректерінің шифрын ашуға мүмкіндік беретін кілттерге қатынасуға тыйым салынады.

Бақылау өз қолыңызда

TikTok пайдаланушыларға құпиялылықты басқару құралдарының кең ауқымын ұсына отырып, өзіне жарамды реттеулерді таңдауға мүмкіндік береді. Біз қауымдастығымызды құпиялылықты қорғау жолдарымен таныстыру үшін қолданба ішіндегі видеоларды, Анықтама Орталығын және т.б. пайдаланамыз.

Аккаунт иелері кез келген уақытта өздерінің TikTok-тағы деректерін, соның ішінде профиль, әрекеттер және қолданба реттеулері туралы ақпаратты сұрай алады.

Жарнаманы ұсыну кезінде құпиялылықты сақтау

Біздің мақсатымыз — компанияларға қызықты адамдармен шығармашыл әрі мазмұнды ынтымақтастық құруға, сондай-ақ пайдаланушыларға олар туралы бөлісілетін ақпаратты бақылауға мүмкіндік беру.

TikTok қолданбасындағы немесе құрылғыңыздағы құпиялылық реттеулерінде сізге көрсетілетін жарнамаларға қандай нақты деректердің әсер ететінін басқара аласыз.

TikTok-та жарнама мына деректер негізінде таңдалады:

  • Жалпы ақпарат: Мысалы, егер құрылғыңыздың операциялық жүйесінде қолдау көрсетілетін болса, TikTok белгілі бір мобильді қолданбаның жарнамасын көрсетуі мүмкін.
  • Аккаунт туралы ақпарат: Мысалы, пайдаланушы аккаунтында көрсетілген жас TikTok-тың 25 жастан асқан пайдаланушыларға қолжетімді болатын көлікті жалға беру қызметінің жарнамасын көрсететініне немесе көрсетпейтініне әсер етеді.
  • Қолданбадағы әрекеттер: Мысалы, зоодүкен иттерге қызығатын адамдар үшін иттерге арналған ойыншықтар сатылымын жарнамалағысы келуі мүмкін, ал біз мұндай жарнаманы иттер туралы көп видео көретін пайдаланушыларға көрсетеміз.
  • Қолданбадан тыс әрекеттер: Мысалы, сәнді бренд жазғы киім топтамасын бұрын олардың веб-сайтында немесе қолданбасында қандай да бір тауарды сатып алған тұтынушыларға жарнамалағысы келуі мүмкін. Бренд бізбен бұл ақпаратты бөліссе, біз мұндай жарнаманы оған қызығуы мүмкін TikTok пайдаланушыларына көрсететін боламыз.

Қауіпсіздік

Біз пайдаланушылардың ақпаратын қорғап, үздіксіз көбейіп бара жатқан қауіпсіздік қауіп-қатерлерінің алдын алу үшін бар күшімізді салудамыз. Зиянкес пайдаланушылардың жүйені бұзып ашуына жол бермеу үшін біздің ғаламдық қауіпсіздік тобымыз озық технологиялар мен көп деңгейлі қорғаныс жүйесін пайдаланады. Сондай-ақ платформа инфрақұрылымы мен процестері мерзімді түрде үшінші тараптық сарапшылардың тексеруінен өтіп отырады. Біз HackerOne компаниясымен бірге қателерді және осалдықты анықтағаны үшін марапаттау бағдарламасын дайындадық. Біздің штаттық тобымыз жақында болған шабуылдарға қарсы қорғанысты жақсарту үшін белсенді жұмыстар жүргізуде.

Қауіпсіздік бойынша жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр, алайда біз озық инфрақұрылым мен процестерді құру бойынша жұмыстарды да қатар алып жүрмекпіз. Сондай-ақ біз өнімдерімізді сынақтар мен тексерістерден өткізуді, сонымен бірге салалық және мемлекеттік органдардағы серіктестерімізбен бірлесе отырып, қауымдастықты қорғау бойынша шаралардың толықтылығын бағалауды жалғастыратын боламыз.

Аккаунт қорғанысы

Қауымдастық деректерінің қауіпсіздігін үздіксіз қорғаумен қатар, біз пайдаланушыларды қауіпсіздік құралдары мен ақпаратты өз бетінше пайдалануға шақырамыз. Төменде бірнеше кеңес берілген:

Байланыс ақпаратын уақтылы жаңартып отырыңыз: TikTok аккаунтыңызды ағымдағы телефон нөміріңізбен және/немесе электрондық пошта мекенжайыңызбен байланыстырыңыз. Егер аккаунтыңызда күдікті әрекеттер анықталса, электрондық поштаңызға ескерту келетін болады. Сондай-ақ аккаунтыңыз бұғатталса да, электрондық поштаның көмегімен жеке басыңызды растай аласыз. Толығырақ ақпарат

Сенімді әрі бірегей құпиясөз құрыңыз:Өзіңізге жаттауға оңай, бірақ басқалары біліп қоя алмайтын құпиясөзді таңдаңыз. «Бірегей» дегеніміз әрбір аккаунт үшін әртүрлі құпиясөз жасау керектігін білдіреді, ал «сенімді» деп кемінде 12 таңбадан, соның ішінде сандар мен таңбалардан құрастырылған күрделі құпиясөз саналады. TikTok аккаунтыңызға ноутбук, телефон және басқа мобильді құрылғылар арқылы кіретін болсаңыз, барлық құрылғыларға міндетті түрде сенімді әрі бірегей құпиясөздер/PIN кодтарын орнатыңыз. Ал құпиясөздер диспетчері алуан түрлі пайдаланушы аттары мен құпиясөздерді жаттап отыру қажеттігінен арылтады.

2 сатылы тексеруді қосыңыз2 сатылы тексеру құпиясөз ұрланған жағдайда аккаунтыңызды қорғауда қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол аккаунтты танылмаған және рұқсатсыз құрылғылардан және үшінші тараптық қолданбалардан да қорғайды. Толығырақ ақпарат

Қауіпсіздік туралы ескертулерБіздің мамандарымыз күдікті немесе рұқсат етілмеген әрекеттерді үздіксіз бақылап отырады. Осылайша сіз қалыптан тыс қауіпсіздік оқиғаларын қадағалап отыра аласыз.

Құрылғыларыңызды тексеріңіз: TikTok аккаунтыңызға қазір қандай телефондар және басқа мобильді құрылғылар кіріп отырғанын көруге болады. Аккаунтыңызбен байланыстырылған барлық құрылғылар, аккаунтқа қандай әдіспен (мысалы, Facebook аккаунты арқылы) және қашан кіргеніңіз көрсетіледі. Бұл жерден аккаунтыңызға басқа адамның кіріп кетпегенін тексере аласыз. Толығырақ ақпарат

Фишингтік шабуылдардан аулақ болыңыз: Фишинг — алаяқтар арасында құпиясөздер, кредиттік карта нөмірлері, әлеуметтік сақтандыру нөмірі сияқты жеке ақпаратты немесе басқа құпия деректерді айлакерлікпен алып алудың кең таралған әдісі. Тегін лүпілдер, жанкүйерлер, тәждер, тиын немесе басқа сыйлықтарға уәде беретін үшінші тараптық веб-сайттарға ешқашан сенбеңіз, себебі олар кіру ақпаратыңызды алып қоюы мүмкін. Жеке хабар арқылы жіберілген сілтеме арқылы бетті ашпас бұрын, сілтемені міндетті түрде тексеріңіз.

Біреу TikTok атынан деп сізге хабарласып тұрса, алданбаңыз. Есіңізде болсын: біздің қызметкерлеріміз ешқашан құпиясөз сұрамайды!

Егер TikTok-та қандай да бір видео немесе келген хабар спам немесе фишинг сияқты боп көрінсе, ол туралы хабарлаңыз. Бұл бізге қауымдастықтың қауіпсіздігін қорғауға көмектеседі. Видео туралы хабарлау үшін күмәнді контентті ұстап тұрып, «Шағымдану» түймесін түртіңіз.