Skip to main content
Тақырыптар

Құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша қолдау көрсету

Қауымдастықты қолдау

TikTok пайдаланушыларға өзінің өмірлік тәжірибесі туралы айтып беруге мүмкіндік беретін орынды қамтамасыз етуге ұмтылып қана қоймай, өмірлік қиындықтармен, соның ішінде құмар ойындарға қатысты қиындықтармен күресуде қолдау көрсете алатын ұйымдармен, адамдармен және ресурстармен байланысуға мүмкіндік береді. Өзіңіз немесе танысыңыз құмар ойындарға қатысты мәселелерге тап болған немесе құмар ойындарға патологиялық әуестік бар болған жағдайда, сіз жалғыз емес екеніңізді және көмекке жүгінуіңізге болатынын есте сақтаңыз.TikTok пайдаланушыларға өзінің өмірлік тәжірибесі туралы айтып беруге мүмкіндік беретін орынды қамтамасыз етуге ұмтылып қана қоймай, өмірлік қиындықтармен, соның ішінде құмар ойындарға қатысты қиындықтармен күресуде қолдау көрсете алатын ұйымдармен, адамдармен және ресурстармен байланысуға мүмкіндік береді. Өзіңіз немесе танысыңыз құмар ойындарға қатысты мәселелерге тап болған немесе құмар ойындарға патологиялық әуестік бар болған жағдайда, сіз жалғыз емес екеніңізді және көмекке жүгінуіңізге болатынын есте сақтаңыз.

Бұл ақпарат мына адамдарға арналған

  • Құмар ойындарға қатысты мәселелер немесе патологиялық әуестіктің сана-сезім мен мінез-құлыққа қалай әсер ететінін білгісі келетін адамдарға;
  • Құмар ойындарды ойнағысы кеп жүрген адамдарға;
  • Құмар ойындарға қатысты көзқарасын өзгерту үшін ресурстарды іздеп жүрген адамдарға;
  • Құмар ойындарға қатысты мәселелерге тап болған немесе патологиялық әуестігі бар адамға көмектескісі келетін адамдарға;
  • Қолдау беретін және тәжірибені бөлісуге болатын қауымдастықты іздеп жүрген адамдарға;
  • іреумен құмар ойындарға патологиялық әуестіктің зияны туралы ізгі ниетпен сөйлескісі келетін адамдарға.

Құмар ойындар туралы

Құмар ойындар — нәтижесі белгісіз болатын немесе кездейсоқтық элементі бар оқиғаларға ақшаны (соның ішінде цифрлық валюталарды) немесе ақшалай құндылығы бар өзге объектілерді тігу әрекеті. Құмар ойындардың алуан түрлі формалары бар, мысалы: маджонг, казино ойындары және лотереялар. Көптеген елдерде құмар ойындарға ойын-сауық формасы ретінде заңды түрде рұқсат етілгенімен, ол елеулі қаржы шығындарына немесе тіпті жоқшылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ құмар ойындар депрессия, ашушаңдық сияқты психикалық денсаулыққа қатысты мәселелердің және құмар ойындарға патологиялық әуестікке қатысты мәселелердің (әсіресе, жас ойыншыларда) туындауына себеп болуы мүмкін.

Құмар ойындарға қатысты мәселелердің және патологиялық әуестіктің белгілері

Құмар ойындарға қатысты мәселелердің және патологиялық әуестіктің бар екендігін айқын түрде көрсететін белгілер санаулы ғана, сондықтан оларды анықтау оңай емес. Құмар ойындарға қатысты мәселелердің бар екендігін көрсететін белгілерге мыналар жатады:

  • Құмар ойындарға тәуелділіктің пайда болуы;
  • Құмар ойындар, ұтыс тігу, жеңу жолдары және қарызды қалай қайтаруға болатыны туралы үнемі ойлау;
  • Құмар ойындарға әуестік немесе қаржы шығындары туралы жұбайына немесе достарына айтпау;
  • Құмар ойындардың өзіне немесе жақын адамдарына теріс әсер ететінін мойындамау;
  • Қаржылық мүмкіндігіне қарамастан құмар ойындарға қызығу, соның ішінде жеке бюджеттен асып кету немесе салық салынатын табыс үшін ұтыс тігу;
  • Құмар ойындарға немесе ұтыс тігуге қатысты әрекеттерге бақылауды жоғалту;
  • Елеулі қаржылық және психологиялық зияндарға ұшырау;
  • Барған сайын жоғары ұтыс тігу;
  • Құмар ойындарды ойнау үшін жаңа ақша көздерін іздеу;
  • Құмар ойындардың жай ермекке емес, жаман әдетке айналуы;
  • Серіктесімен, достарымен немесе отбасымен әлеуметтік байланысты елемеу;
  • Оқу немесе жұмыс сияқты жауапкершілікті елемеу.

Құмар ойындарға қатысты мәселелерге тап болған немесе патологиялық әуестігі бар адамдарға қалай көмектесуге болады?

Ашық әңгіме

Құмар ойындарға қатысты мәселелер туралы ашық сөйлесіп, демеу беріңіз

Салауатты әрекеттер

Құмар ойындардың орнына пайдалы іс-әрекеттерді ұсыныңыз

Демеуші адамдар

Демеуші адамдарды және кәсіпқой мамандарды ұсыныңыз

Көмекті қалай алуға болады

Біреумен сөйлескіңіз келе ме? Қиын жағдайдағы адамдарға қолдау бере алатын ресурстар бар. Егер сіз немесе таныс адамыңыз осындай ресурстарды іздеп жатқан болса, қолдау алу және ремиссияға шығу үшін аймағыңыздағы жергілікті сенім телефондарына хабарласуыңызға болады:

Ремиссия туралы контент қауымдастығымен қалай байланысуға болады?

Біздің қауымдастығымызға белгілі хэштегтер мыналар: #gamblingrecovery және #gamblingawareness. Бұл хэштегтер адамдарға бір-бірімен сөйлесуге, жаңа нәрселерді үйренуге және бір-біріне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. #recoverytok және #addictionawareness сияқты хэштегтер ремиссияға шығу және хабардарлықты арттыру туралы сөйлесуге болатын орынды ұсынады. Аталған хэштегтер құмар ойындардан басқа көптеген тақырыптарды қамтиды (кейбір контент көрерменді ауыр күйге түсіруі мүмкін, сондықтан көруді шектеу ұсынылады).

Біз «тәуелділік» деген сияқты белгілі бір сөздерді пайдаланбауға кеңес береміз (себебі кейбір адамдарға ол стигматизациялаушы болып көрінуі мүмкін), алайда TikTok адамдардың өздерін ыңғайлы жолмен атағанын қолдайды. Біз өзін-өзі сәйкестендірудің ұқсас қағидасын ұстанатын ниеттес адамдарды іздеуге кеңес береміз.

Егер ремиссияға шығу туралы тәжірибеңізді бөлісуге немесе ұқсас мәселелерге тап болған басқа қауымдастық мүшелерімен сөйлесуге болатын демеуші қауымдастықты іздеп жүрген болсаңыз, бұл хэштегтер тамаша бастама бола алады. Өз оқиғаңызбен бөлісу маңызды дербес шешім болып табылады. Басқалармен қандай контент бөлісетініңізді ойластырыңыз, себебі ол көрермендердің көңіліне тиюі немесе ауыр күйге түсуіне түрткі болуы мүмкін. Сондай-ақ қауымдастық мүшелерінің реакциясы әртүрлі болуы мүмкін. Біз әзірлеген жалпы Әл-ауқат бойынша нұсқаулық оқиғаңызды бөлісуге қаншалықты дайын екендігіңізді түсінуге көмектеседі, бөлісудің ыңғайлы жолдары және бөліскеннен кейін не істеуге болатыны туралы кеңестер береді.

Жауапкершіліктен бас тарту

TikTok қауіпсіздік орталығының ресурстары мен нұсқаулықтары психикалық денсаулық бойынша және қаржылық қызметтерді көрсетуге арналмаған. TikTok-тағы «Құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша қолдау көрсету ресурстары» мақаласы медициналық диагнозды, емдеуді немесе қаржылық консультацияны алмастыра алмайды. TikTok-тағы контент тек ақпараттық және танымдық мақсатта жасалады және таратылады. TikTok-та қызметтер немесе оқу материалдары қолжетімді деген оймен кәсіпқой маманға жүгінуден бас тартпаңыз және консультацияны кейінге қалдырмаңыз.