Skip to main content
Тақырыптар

TikTok-та өшпенділікпен немесе ғадауат тілімен күресу

TikTok — сан қырлы және екпінді қауымдастық. Бұл жерде бүкіл әлемдегі әртүрлі адамдар көңіл көтереді, бір-бірін шығармашылыққа ынталандырады және өзін-өзі танытады. Біздің Қауымдастық Ережелерімізде көрсетілгендей, өшпенді мінез-құлық TikTok-тағы шығармашыл әрі инклюзивті ортамен үйлеспейді. Біз қауымдастығымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үзбей жұмыс істейміз.

Ғадауат тілі дегеніміз не?

Кез келген жеке тұлғаға немесе топқа оның белгілері бойынша өшпенділік білдіру, шабуыл жасау қаупі, ызғарландыру, азғындау немесе кемсіту. Мұндай белгілерге нәсілі, этникалық тиістілігі, діні, кастасы, сексуалды бағдары, жынысы, гендер, гендерлік сәйкестігі, ауыр сырқаттар, мүгедектік және иммигрант мәртебесі кіреді. Жеке тұлғаның немесе топтың белгілеріне негізделмеген шабуылдар қорлау немесе қудалау ретінде саналады.

Желіде өшпенді мінез-құлықты анықтау

Ғадауат тілі әртүрлі формада көрсетілуі мүмкін, мысалы: кескіндер, анимация, мемдер, заттар, ишараттар және таңбалар арқылы. Кейде өшпенділік айқын білінбеуі мүмкін. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, өшпенділік топтары әдетте жазылушылар санын көбейтіп, өшпенділік не ғадауат идеясын тарату үшін мынадай тақырыптарды пайдаланады:

  • Жұрттан бөлек: өшпенділіктің ең жиі кездесетін формасы — қандай да бір топқа өзгеше мінез-құлқы мен құндылықтары үшін «Жұрттан бөлек» деген ат тағу, кейде тіпті адам құрлы санамау.
  • Қудалау құрбандары: өшпенділікті тарататын адамдар мен топтар әдетте өздерін құрбан позициясында ұстайды және өміріндегі және қоғамдағы мәселелер үшін «Жұрттан бөлек» адамдарды кінәлайды. Олар «Жұрттан бөлек» адамдарды шеттеткенін немесе оларға зорлық-зомбылық жасағанын осындай жолмен ақтайды.
  • Кемістігіне меңзеу: бұл өшпенділік формасы әдетте белгілі бір адамдар тобының моральдық, психикалық немесе физикалық кемшіліктері туралы негативті мәлімдемелерді қамтиды.

Осы тақырыптарды пайдалана отырып, өшпенділік топтары құрбандарына алуан түрлі тәсілдердің көмегімен шабуыл жасай бастайды:

Тікелей негативті шабуылдар
  • Жеке тұлғаның немесе топтың қандай да белгілеріне қорқыту, кемсітетін немесе азғындататын сөздердің көмегімен меңзеп, тіл тигізу
  • Адамдарды ызаландыру немесе мазасын алу мақсатында келемеждеуші пікірлер жазу
  • Белгілі бір қауымдастық немесе автор туралы өшпенді пікірлерді тарату
Тікелей емес негативті шабуылдар
  • Стереотиптерге негізделген және кемсітушілік пен төзімсіздікті қалыпты нәрсе ретінде көрсететін әзілдер мен мемдер
  • Өшпенділікке негізделген және қорғалған топқа қарсы сенімсіздік пен шеттетушілікті тарататын қастандық теориялары
  • Өшпенділік топтары бір-бірімен өшпенділікті білдірмей араласу үшін пайдаланылатын шифрланған хабарлар, мысалы: кодтық сөздер, таңбалар немесе белгілі бір дыбыстарды пайдалану

TikTok-та ғадауат тілін көрген жағдайда не істеу керек?

Сізге немесе басқа біреуге қандай да бір белгілер бойынша ешкімнің шабуыл жасауына құқығы жоқ. Мұндай шабуылдар кімнің болса да жанына тиеді, сондықтан TikTok платформасында оларға қатаң түрде тыйым салынады. Сізбен немесе сіздің контентіңізбен кім өзара әрекеттесе алатынын таңдау үшін TikTok-тағы қауіпсіздік құралдарын пайдалануға кеңес береміз. Сонымен қатар, уайымыңызды жақын адаммен бөлісіп, оның қолдауын алудың пайдасы зор болуы мүмкін.

Біреу сізге шабуыл жасаса да, қауымдастықтың басқа мүшесіне жасаса да, ол туралы бізге хабарлағаныңыз жөн. Сіздің кері байланысыңыз саясаттар, жүйелер және өнімдерді үздіксіз талдап, жақсартуға көмектеседі. Егер таныстарыңыздың арасында біреу құрбан болса, онымен хабарласып, басына түскен қиындықпен күресуге көмектесуге тырысыңыз.

Сондай-ақ өшпенділікті тудыру және оның қоғамға әсері туралы толығырақ ақпарат алу үшін АҚШ тұрғындарына арналған «#NoToHate ресурсы» бетін қарап көрсеңіз болады.