Skip to main content
Тақырыптар

Қорлаудың алдын алу

Қорлау дегеніміз не?

«Қорлау» ұғымының көп анықтамасы бар, бірақ ол әдетте физикалық, әлеуметтік және/немесе психологиялық зиян келтіруге бағытталған мақсатты, қайталанатын әрекеттерді білдіреді. Мұндай әрекеттерді өздерінің билігін немесе бар болып көрінетін билігін асыра пайдаланатын жекелеген адамдар немесе адамдар тобы интернетте және интернеттен тыс басқа адамдарға немесе адамдар тобына қарсы жасайды.

Біз қорлау адамдардың үрейін туғызатынын түсінеміз және платформада мұндай әрекеттерге тыйым саламыз. TikTok — бұл шығармашылық пен өзін-өзі таныту есебінен өркендеп жатқан ғаламдық қауымдастық, сол себепті оның мүшелерінің платформада қорлау немесе қудалау объектісі болудан қорықпай өзін-өзі қауіпсіз таныта алуы өте маңызды болып табылады.

Қорлауға жататын әрекеттерді қалай анықтауға болады

Жекелеген адамдардың немесе топтардың басқа адамдарды қорқыту, кемсіту немесе құқықтарына нұқсан келтіру үшін жасайтын, қорлауға жататын әрекеттердің алуан түрлері бар. Қорлаудың кең таралған формалары туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Сіз білесіз бе?

  • Қорлау оны жасаған адамдарға да, одан зардап шеккен адамдарға және тіпті оған куәгер болған адамдарға да қатысты.
  • Бөгде бақылаушылар, қорлаудың куәгері болған адамдар мұндай әрекеттерді тоқтатуда маңызды рөл ойнауы мүмкін.
  • Көбінесе қорлау таныс адамдар (мысалы, сыныптастар, достар, әріптестер) тарапынан жасалады.
  • Қорлау барлық дерлік әлеуметтік ортада, соның ішінде мектепте, интернетте, ойын алаңында және жұмыста орын алуы мүмкін..
  • Қорлау объектісі болған адамның өзі де басқаларға қорлау әрекеттерін жасауы мүмкін. Мұндай әрекеттермен айналысатын адамдар көбінесе өздеріне өмірінің басқа саласында жоғалтып алған билік және бақылау сезімін қайтару мақсатында басқа адамдарды қорқытады.

Қорлаудың алдын алу

TikTok пайдаланушыларды бір-бірімен әртүрлі тәсілдермен өзара әрекеттесуге шақырады: пікірлер, жеке хабарлар, эфир чаттары, «Дуэт» және «Біріктіру» функциялары және т.б. арқылы. Бұл онлайн қауымдастықты жандандырады, алайда коммуникацияның басқа түрлеріндегідей, мұндай өзара әрекеттесуде арам ниетті әрекеттердің де орын алу қаупі бар. Қонақжай әрі демеуші қауымдастықты қамтамасыз ету үшін, біз пайдаланушыларға TikTok платформасымен жұмысты басқаруға мүмкіндік беретін әртүрлі қолданба реттеулерін ұсынамыз. Бұл реттеулер әр елде және қолданба нұсқасында әртүрлі болуы мүмкін.

Жеке аккаунт

Әдепкі бойынша, 16 жасқа толмаған адамдар жасаған аккаунттар жеке болып табылады. Бұл сіз жазылушы сұрауларын қабылдауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады және тек сіз жазылушылар ретінде мақұлдаған адамдар ғана сіздің контентіңізді көре алады дегенді білдіреді. 16 жастан асқан адамдар жасаған аккаунттар ашық болады. Бұл дегеніміз TikTok-та кез келген адам сіздің видеоларыңызды көре алады, пікір қалдыра алады, сондай-ақ сіздің контентіңізді жасауға және таратуға қатысу үшін дуэтті іске қоса алады деген сөз. Бұл параметрлерді Құпиялылық реттеулерінде оңай өзгерте аласыз. Толығырақ ақпарат

Сізге кім хабар жіберетінін бақылаңыз

Жеке хабарлар (ЖХ) қауымдастық мүшелеріне жеке сөйлесу мүмкіндігін береді. Жеке хабарларды «Барлығы», «Достар» (сізге жазылған және сіз оған жазылған авторлар) немесе «Ешкім» жібере және қабылдай алады. Жеке хабарларды пайдалану құқығы тек 16 жасқа толған пайдаланушылардың тіркелген аккаунттарына беріледі. Бұл функция ата-ана немесе қамқоршы Отбасылық Параметрлер қосулы болған кезде тікелей басқара алатын функцияларды бірі болып табылады. Толығырақ ақпарат

Сізбен бірге «Дуэт» және «Біріктіру» функциясын кім пайдалана алады

Дуэт басқаларды өз шығармашылығыңызбен таныстырудың қызықты жолы болып табылады, алайда бұл функцияны сізбен кім бірге пайдаланатынын өзіңіз шешесіз. Барлық видеолар үшін бір реттеуді немесе әр видео үшін жеке-жеке реттеуді таңдауға болады. Егер 16 жасқа әлі толмаған болсаңыз, бұл реттеу үшін реттеулерде «Ешкім» мәні орнатылып тұрады. Сіздің видеоларыңызбен «Дуэт» немесе «Біріктіру» функциясын тек өзіңіз пайдалана аласыз. Бұл параметр өзгертілмейді. Егер 16 немесе 17 жасқа толған болсаңыз, бұл функция үшін реттеулерде «Достар» мәні орнатылып тұрады. Бұл параметрді «Ешкім» немесе «Барлығы» мәніне өзгерте аласыз. Толығырақ ақпарат

Видеоларыңызға кім пікір қоса алады

Егер 16 жасқа әлі толмаған болсаңыз, бұл реттеу үшін реттеулерде «Достар» мәні орнатылып тұрады. Яғни сіздің видеоларыңызға тек сізге жазылған және сіз оған жазылған пайдаланушылар пікір қоса алады. Басқа пайдаланушылардың видеоларыңызға пікір жазғанын қаламасаңыз, бұл параметрді «Ешкім» мәніне өзгертуіңізге болады. Егер 16 немесе 17 жасқа толған болсаңыз, бұл функция үшін реттеулерде «Барлығы» мәні орнатылып тұрады. Егер видеоларыңызға пікір жаза алатын адамдар санатын шектегіңіз келсе, бұл опцияны өзгертуіңізге болады. Сондай-ақ видеоларыңызға жазылған барлық орынсыз пікірлерді жоя аласыз. Бар болғаны пікірді түртіп, ұстап тұрыңыз да, «жою» пәрменін таңдаңыз. Толығырақ ақпарат

Пікірлерді сүзгілеу

Пікірлер сүзгісі функциясын қоссаңыз, тіл тигізетін пікірлер автоматты түрде жасырылады. Сондай-ақ кілтсөздердің реттелетін тізімін жасауға болады, осылайша осындай сөздерді қамтитын пікірлер де автоматты түрде жасырылады. Видеоларыңызға кім пікір қалдыра алатынын Құпиялылық реттеулерінде орнатуға болады. Толығырақ ақпарат

Жазылушыны жою

Жазылушыны кез келген уақытта жоюға немесе контентіңізді көруге немесе сізге хабарлар жіберуге тыйым салу үшін аккаунтты біржола бұғаттауға болады. Толығырақ ақпарат


Егер қорлау әрекеттеріне тап болсаңыз

Егер сіз қудалау немесе басқа өрескел әрекеттердің объектісіне айналсаңыз, көмекке жүгінуіңізге болады. Егер TikTok-та сізге қарсы қорлау әрекеттері жасалса, бізге хабарлаңыз. Біздің модераторлар тобымыз жағдайды зерттеп, TikTok Қауымдастық Ережелері бұзылған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.


Ресурстар

Егер сіз АҚШ-та болсаңыз, төмендегі қосымша ресурстар сізге пайдалы болуы мүмкін:

  • ConnectSafely: Қауіпсіздік, құпиялылық және қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы көбірек біліңіз.
  • Cyberbullying Research Center: Тәрбиешілерге, кеңесшілерге, денсаулық сақтау мамандарына, құқық қорғау органдарына, ата-аналарға және балаларға арналған қалай қорлауды анықтауға болатынын, оны алдын алу және әрекет ету стратегиялары мен шешімдері туралы көбірек біліңіз.
  • StopBullying.gov: Қолауды қалай анықтау керектігін және оған қауіпсіз түрде қарсы тұруды үйреніңіз.
  • WiredSafety:Жастарға медиа мен технология әлемінде дұрыс таңдау жасауға көмектесетін инновациялық және тиімді құралдар туралы көбірек біліңіз.